Джей Ло концертінен елордаға 4 млрд теңге пайда түскен

Жарияланды 7 Қазан 2025 11:05

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Лопестің концертіне елордаға шетелден 12 мың адам келді/коллаж kursiv.media

Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне шетелден 12 мың адам келді. Бұл туралы қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы Халел Әкімжанов айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Астанаға жарты жылда 735 мың адам турист ретінде келген. Оның ішінде 177 мың адам шетелден келді.

«Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 13%-ға өсті. Қазір елордада туристік іс-шаралар, үлкен концерттер өтіп жатыр. Дженнифер Лопестің концертіне 12  мың турист, Backstreet boys концертіне шетелден 15 мың адам келді», – дейді Әкімжанов Kazakhstan Travel Forum-да.

Ал қалаға түскен пайдаға келсек, Дженнифер Лопестің концертін ұйымдастырушылардан 600-800 млн теңге тікелей салық түскен.

«Қонақүй, мейрамхана және басқа да қызметтерге түскен табыс сомасын жыл соңында есептейміз. Жалпы Дженнифер Лопестің концерті бюджетке 4 млрд теңгеден астам пайда алып келді. Backstreet boys концертінен түскен пайда есептеліп жатыр», – дейді басқарма басшысы.

Айтуынша, жыл сайын қалаға келетін турист саны 13-15%-ға өсіп келеді.

Ал Алматыда Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің концертіне 27 мың көрермен жиналды, ішінде шамамен 7 мыңы 35 елден келген. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, концерттен түскен кіріс 10 млрд теңгеден асты, ал бюджетке салық түрінде шамамен 600 млн теңге түседі.

Сондай-ақ оқыңыз