Жаңалықтар

«Мен TikTok-ты құтқардым»: Трамп қытайлық әлеуметтік желіге оралды

Трамптың байлығын айтпағанда, әлемдегі ең бай 500 адам да шығынға ұшырады. / Фото: Reuters, Cheney Orr
Трамп қытайлық әлеуметтік желіге видео жүктеді/ Фото: Reuters, Cheney Orr

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлаудан кейін алғаш рет TikTok желісіне қайта шықты. Бір жылға жуық уақыт бойы оның аккаунттарына ештеңе салынбаған.

Қайта оралғаны жайлы бейнероликте Трамп өзінің қытайлық әлеуметтік желіні құтқарғанын айтады.

«TikTok-тың бүкіл қолданушыларына айтарым: мен TikTok-ты құтқардым, енді сендер маған қарызсыңдар», – деді өз жазбасында.

Бұл оқиға Трамптың бұрынғы ұстанымынан өзгеше. Ол алғашқы президенттік мерзімінде TikTok-ты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп, елде тыйым салмақ болған.

АҚШ президенті 26 қыркүйекте TikTok бойынша келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, әлеуметтік желінің 80% акциясы америкалық корпорациялардың бақылауына өтеді және ел аумағында жұмысын жалғастыра алады.

Келісім құны 14 млрд доллар деп бағаланды. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс TikTok енді «америкалықтарға қарсы насихат құралы ретінде қолданылмайды» деп мәлімдеді