
Қазақстан футбол федерациясы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы өтетін ойындарға шақыртылған ұлттық құраманың нақты тізімін жариялады.
Басты жаңалық блогер Мерей Әбілованың жұбайы, қорғаушы Дінмұхамед Қашкен құрамаға шақырту алған. Бұл шешім әлеуметтік желілерде талқыға түсті.
Көптеген жанкүйер Қашкеннің маусым бойғы көрсеткіштері ұлттық құрама деңгейіне сай еместігін айтып, Еркін Тапалов пен Александр Мрынский секілді тұрақты ойнап жүрген қорғаушылардың шақырылмағанына наразылық білдіріп отыр.
25 жастағы Қашкен биылғы маусымда барлығы 12 матч өткізген: оның 5-ін «Ұлытау», 7-сін «Жетісу» сапында. Гол мен нәтижелі пас тіркелмеген. Соған қарамастан, қорғаушы алдағы ойындарға қатысуға мүмкіндік алды.
Айта кетсек, қазіргі таңда ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов дәл осы «Ұлытау» клубының президенті. Бұл да қоғамда күмән тудырған негізгі себептердің бірі болды.
Қазақстан құрамасының нақты тізімі
Қақпашылар: Мұхамеджан Сейсен, Бекхан Шайзада, Стас Покатилов, Бекзат Төлепберген
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Наурызбек Жагоров, Әділбек Жұмаханов, Сағи Совет, Бағдат Қайыров, Димаш Қашкен, Әрсен Әшірбек
Жартылай қорғаушылар: Бахтиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Ислам Чесноков, Исламбек Қуат, Муроджон Халматов, Грегорий Жуков, Дамир Қасабулат, Дәурен Жұмат, Дінмұхамед Қараман, Алмас Төлебай
Шабуылшылар: Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Дастан Сәтпаев, Иван Свиридов, Артур Шушеначев
Ұлттық құраманы бас бапкер міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов бастап шығады.