Мехико әуежайында Димашты мыңдаған жанкүйер қарсы алды (видео)

Жарияланды 7 Қазан 2025 14:27

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мехико әуежайында Димашты мыңдаған жанкүйер қарсы алды / фото: dimashnews.com

7 қазан күні Мексиканың астанасы Мехико әуежайында мыңдаған халық, әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді қарсы алу үшін арнайы келген еді. Бұл Димаштың Мексика жеріне алғаш келуі.

Жанкүйерлер қазақ тілінде жазылған плакаттар ұстап, Димаштың әндерін бірге орындап, әуежай залын нағыз концерттік алаңға айналдырды. Әншіні күтіп алған сәт желіде кеңінен таралып, бүкіл әлемнің назарын аударды.

Димаш 8 және 10 қазан күндері Мехикода екі үлкен концерт өткізеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, екі концертке де билеттер толықтай сатылып кеткен.

Бұл Димаштың Оңтүстік Америкадағы алғашқы жеке турының бір бөлігі. Бұған дейін ол АҚШ-тағы әйгілі Madison Square Garden аренасында концерт беріп, сол жерде Қазақстанның әнұранын орындаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз