Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады / фото: akorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Путиннің Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті, тату көршілік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор жеке үлесін атап өтті.

Әңгімелесу барысында екі ел көшбасшылары көпқырлы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысына ерекше назар аударды.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Әзербайжанда өтіп жатқан Түркі елдері саммитінде сөз сөйлеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз