Дариға Бадықованың “Ыстық Ұя” фильмі алғашқы аптада 300 млн теңге жинады

Жарияланды 7 Қазан 2025 10:43

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Ыстық Ұя» фильмі алғашқы аптада 300 млн теңге жинады / фото: ticketon.kz

Дариға Бадықованың продюсерлігімен түсірілген «Ыстық Ұя» фильмі алғашқы аптада 304 869 253 теңге жинап, алғашқы аптада ең көп касса жинаған фильмдердің көшін бастады.

Фильмнің басты кейіпкері — Ғалия, Кореяда бірнеше жыл еңбек еткен қазақ қызы. Шетелде тапқан қаражатына туған ауылында үй тұрғызады. Қоныс тойға жиналған туыстары бастапқыда қуаныш білдіргенімен, дастарқан басында шынайы қарым-қатынастар, көне реніштер мен іште жиналған өкпе-наз ашыла бастайды. Үйдің болашағы туралы дау туып, ағайын арасындағы жасырын бақталастық бетке шығады.

Картинада қазіргі қазақ қоғамындағы туыстық байланыс, материалдық құндылық пен рухани алшақтық тақырыптары шынайы әрі өмірге жақын түрде көрсетілген.

Freedom Ticketon дерегіне сәйкес, 2–5 қазан аралығындағы бокс-офис тізімінде келесі фильмдер үздік ондыққа енді:

1. «Ыстық Ұя» — 304 869 253 ₸ (1 апта)
2. «Джунглилау» — 98 408 245 ₸ (2 апта)
3. «Әменгер. Ағаға аманат» — 85 318 246 ₸ (3 апта)
4. «Аватар: Путь воды» — 59 044 440 ₸ (1 апта)
5. «Битва за битвой» — 50 932 310 ₸ (2 апта)
6. «Qaitadan» — 42 371 485 ₸ (5 апта)
7. «Истребитель демонов: Kimetsu no Yaiba» — 30 433 845 ₸ (4 апта)
8. «Жұмбақ қыз» — 27 848 405 ₸ (2 апта)
9. «Дракул» — 22 399 650 ₸ (4 апта)

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамда Бадықованың жеке өмірі, күйеуімен ажырасуы туралы ашық сұхбаты көп талқыланған еді. Көпшілік бұл ақпаратты фильм алдындағы PR-қадам болуы мүмкін деп болжаған.

Сондай-ақ оқыңыз