Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Заңгердің сөзінше, Дариға Батықованың бұрынғы күйеуі отбасылық және жеке өмірге қатысты құпияны жария еткен / фото: ашық дереккөз
Заңгер Бадықованың бұрынғы күйеуі отбасылық және жеке өмірге қатысты құпияны жария еткенін айтты / фото: ашық дереккөз

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуінің үстінен бір емес, екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін. Үстінен осындай арыз түскен.

Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек мәлімдеді.

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» деген қағида бар. Отбасылық құпияны бұзу – бұл жай ғана әдепсіздік емес, заң алдында нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет», – деп жазды Айгүл Орынбек.

Оның пікірінше, Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев мұны білмеуі мүмкін, бірақ журналистердің заңнан бейхабар болуы мүмкін емес.

«Баланы асырап алу – отбасылық және жеке өмірге қатысты құпия болып саналады. Бұл құпияны жария ету – ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) және 146-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша жауапкершілікке әкеледі», – деді заңгер. .

Оның айтуынша, Айгүл Орынбек Дариғаны көп жылдан бері жақсы таниды. Ажырасу кезеңінде көп қиындықтан өткенін де біледі екен.

«Сондықтан оның заңды мүддесін қорғаушы өкілі  ретінде, Жылқышыбай мен Дарханның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арызды Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне ресми түрде жолдаймын», – деді заңгер.

Заңгердің айтуынша, бұл жағдай тек жеке адамның ар-намысына ғана емес, бүкіл қоғамдағы журналистік этика мен заң үстемдігіне қатысты мәселе.

Ол барлық бұқаралық ақпарат құралын медиа заңнамасын қатаң сақтауға, жеке тұлғалардың жеке өміріне қол сұқпауға шақырады.

«Журналист – ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін адам. Сондықтан рейтингі үшін біреудің тағдырын талқыға салу – кәсіби абыройға көлеңке түсіреді», – деп қорытындылайды заңгер.

Мұның алдында Дархан Мұсаев актриса Дариға Бадықовамен ажырасу себептері туралы ашық айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз