Lifestyle

Қайрат Нұртастың қызы шешесі Жұлдыз Әбдікәрімовадан кімнен жүкті болғанын сұрады

Қайрат Нұртастың қызы шешесінің жүктілігіне қатты таңырқады / фото: Instagram
Қайрат Нұртастың қызы шешесінің жүктілігіне қатты таңырқады / фото: Instagram

Қайрат Нұртастың қызы шешесі Жұлдыз Әбдікәрімовадан кімнен жүкті болғанын сұрады. Аяғының ауырлығына қатты таңырқағанын жасырмады.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік парақшасында бір қызық видео жариялады. Анасы қызы Алауға ультрадыбыстық зерттеу бейнесін көрсетіп, жүкті екенін білдіргісі келеді.

 «Сен не, жүктісің ба? Шынымен бе?» – деп қатты таңырқайды Қайрат Нұртастың қызы. Дереу анасының ішін ұстап, сұрағын екінші мәрте қайталап қояды.

Құрсақтағы сәбидің бейнесіне бір қарап алып, анасына бұрылып, Алау жәймен ғана:

«Кімнен?» – деп сауал тастайды.

Анасы Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берместен, жай ғана күліп жіберді.  

«Кімнен дегенің қалай кетті? Алау өлтіресің сен. Сосын папамнан ба дейді? Сүп-сүйкімді өзі? Қызымның қобалжығаны сонша, абдырап, неше түрлі сұрақ қойды. Бала тілі – бал!» – деп сүйсінді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Танымал актриса жақында қызды болып, есімін Рәбия Сұлтан деп қойған еді.