Жаңалықтар

7 қазаннан 8-не қараған түні ерекше табиғат құбылысы болады

Фото: ашық дереккөзден

7 мен 8 қазан аралығындағы түні қазақстандықтар ерекше астрономиялық құбылыстың куәсі бола алады. Бұл түні ай жерге әдеттегіден анағұрлым жақын келеді, сондықтан ол аспанда үлкенірек әрі жарығырақ болып көрінеді.

Мамандардың түсіндіруінше, ай шамамен 30 мың шақырымға жерге жақындайды. Соның арқасында ол әдеттегіге қарағанда 10–15% үлкенірек және үштен біріне дейін жарығырақ болып байқалады.

Бұл уақытта Айдың тартылыс күші де күшейеді. Әсіресе, мұхиттар мен теңіздердегі толысу мен қайту кезінде байқалады. Кейбір зерттеушілер бұл кезеңде Айдың адамның биоритмдеріне де әсер етуі мүмкін деп болжайды, бірақ мұндай байланыс әзірге ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

Айдың жерге жақындағанын көру үшін арнайы құралдың қажеті жоқ. Астрономдар Айды бар сұлулығымен көру үшін оны көкжиекке жақын тұрған сәтте бақылауға кеңес береді, шамамен 21:50-де ол ерекше әсерлі болып көрінеді.

Қызығы, қазан айындағы бұл құбылыс күзгі аспан құбылыстарының алғашқысы болмақ. Келесісі 5 қарашада, одан кейін тағы бірі 5 желтоқсанда болуы мүмкін деген болжам бар.