Жаңалықтар

Трамп Венесуэламен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді

Трамп переложил ответственность за войну в Украине на Европу

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэламен дипломатиялық байланысты үзу туралы шешім қабылдады. Бұл есірткі саудасымен айналысатын топтар мен президент Николас Мадуро қарсы әскери шиеленістің күшеюіне әкелуі мүмкін деп жазады The New York Times

Басылым жазуынша, Венесуэла шенеуніктерімен келіссөздер жүргізген президенттің арнайы елшісі Ричард Гренеллге Трамп қоңырау шалған. Ол Мадуромен жүргізген барлық дипломатиялық әрекетті тоқтатуға бұйрық берген.

АҚШ неге Венесуэлаға риза емес?

NYT басылымы дерегінше, Трамптың Мадуроның президенттік билікті ерікті түрде тапсыру талабын орындамағанынан көңілі қалған. Елдегі шенеуніктердің наша саудасына қатысы болуы мүмкін деген күдік те бар. Трамп әкімшілігінің жағдай ушыға қалған жағдайда іске қосуға болатын бірнеше әскери жоспары бар. Атап айтқанда, бұл операциялар Мадуроны биліктен шеттету жоспарларын да қамтуы мүмкін.

Халықаралық сарапшылар екі ел арасындағы байланыс үзілуі шиеленістің күшеюіне, тіпті әскери жанжалға ұласуы мүмкін дегенді айтады.

Осы айдың басында АҚШ Венесуэла жағалауындағы кемелерді бомбалады. Ақ үйдің пікірінше, бұл кемелерге есірткі тиеліп, АҚШ-қа жеткізіледі.