Жаңалықтар

Жол апатынан зардап шеккен адамға екі есе көп өтемақы төленуі мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Қазір жол апатынан зардап шеккен адамға төленетін ақша емделуге жетпейді, сондықтан оның құны екі есе өсуі мүмкін. Міндетті автосақтандыру туралы заңға енетін өзгерістер мәжілісте талқыланып жатыр деп жазады Kolesa.kz.

«Сақтандырушының жауапкершілік шегі» деп аталатын 24-бапқа өзгеріс еніп, жол апаты болған жағдайда сақтандыру төлемі мынадай болуы мүмкін:

  • Жәбірленуішінің денсаулығына зиян келсе не қаза болса — 4000 АЕК;
  • жәбірленуші мүгедек болып қалса:
    • I топ — 3200 АЕК;
    • II топ — 2400 АЕК;
    • III топ — 1000 АЕК;
    • бала мүгедек болып қалса — 2000 АЕК.

Жәбірленушінің денсаулығына зақым келгенмен, мүгедек болмаса — 300 АЕК-тен аз. Емханада ем алған әр күн үшін кемінде 2 АЕК өтемақы берілуге тиіс.

  • Бір жәбірленушінің мүлкіне зиян келсе, зақым көлеміне сәйкес ақша береді, бірақ төлем сомасы 1200 АЕК-тен аспауы керек.
  • Екі немесе одан көп адамның мүлкіне бір мезетте зиян келсе, әр жәбірленушіге өтемақы төленеді, бірақ әр адамға берілетін төлем сомасы 1200 АЕК-тен аспайды.

Яғни барлық санат бойынша сақтандыру төлемі екі еседей өседі, тек жараланған, бірақ мүгедек болмағандар алатын өтемақы ғана өзгеріссіз қалады. Әзірге, бұл заң нақты қабылданған жоқ, талқыланып жатыр.