МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар қандай скринингтерден тегін өте алады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сақтандырылмаған қазақстандықтар қандай скринингтерден тегін өте алатынын айтты.
Министрдің мәлімдеуінше, келесі жылы 1 қаңтардан бастап қан айналым жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, вирусты гепатиттерді ерте анықтауға арналған скринингтер нысаналы санаттағы барлық сақтандырылмаған адамға тегін болады.
Сондай-ақ Әлназарова созылмалы аурулары бар пациенттерге динамикалық бақылау жетілдірілгенін атап өтті. Бұдан бөлек бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің қабылдау уақыты ұлғайтылды, жоспарлы қабылдаулар енгізілді және мейірбике ісінің құзыреті кеңейтілген.
«МСАК жанынан жедел жәрдем кабинеттері ашылып, жедел медициналық жәрдемнің 4-санаты МСАК жұмыс уақытында көрсетілетін болды. Скринингтер (медициналық тексерулер) егде жастағы адамдар үшін (76 жасқа дейін) кеңейтіліп, , ол қосымша 300 мың адамға қолжетімді болды, қолданыстағы скринингтердің сапасы тиімді сезімтал тесттер есебінен жақсартылды, ми қан айналым бұзылуларын ерте анықтау үшін скринингтердің жаңа түрлері енгізілуде«,– деп мәлімдеді министр.
Оның айтуынша, қолданыстағы скринингтердің сапасы анағұрлым сезімтал тесттерді енгізу арқылы жақсартылды, сондай-ақ ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтауға арналған жаңа зерттеу түрлері енгізілуде.
«Биылғы жылдың екінші жартысынан бастап онкоскринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакетіне ауыстырылды. Бұл ағымдағы жылдың өзінде 300 мыңнан астам сақтандырылмаған азаматтың онкологиялық тексерулерден өтуіне мүмкіндік берді», – деді Әлназарова үкімет отырысында жасаған баяндамасында.
Айта кетейік министр медицина қызметкерлерінің жалақысы да айтарлықтай өскенін де айтып өтті. Жалпы медициналық персоналдың орташа жалақысы шамамен 2,5 есе, ал дәрігерлердің жалақысы 2,8 есе – 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін көбейген.