Маңғыстау облысында әскери қызметші қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Полиция қылмыстық іс қозғады/фото: shutterstock

Маңғыстау облысында әскери қызметші қаза тапты. ҰҚК Шекара қызметі мұны жазатайым оқиға деп атады.

Ресми ақпарат бойынша, әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші 7 қазанда Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметші техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан қаза тапқан.

Полиция қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда ҰҚК шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Әскери қызметші 5 қазанда Алматы облысында медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз