
Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды.
Ақорданың хабарлауынша, жұмыс тобы құрамында парламент мәжілісі мен сенатының, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.
Бір палаталы парламент құрылады
Елде парламенттік реформа жүргізіп, бір палаталы парламент құрылады. Бұл туралы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.
«Елімізде парламенттік реформа мәселесі кемінде жиырма жылдан астам уақыт бойы айтылып келеді. Осы мәселе ашық та, жабық та талқыланып жүргені ешкімге құпия емес. Бұл тақырып әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Сондықтан мемлекеттік жүйе дамып, азаматтарымыздың саяси мәдениеті өсіп келе жатқанын ескере отырып, бұл мәселені халықтың талқысына салу айрықша маңызды деп санаймын», – деп атап өтті президент.
Жұмыс тобына кім жетекшілік етеді?
Жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар да енді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жұмыс тобының жетекшісі болды. Жетекші орынбасарлары: президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев.
Жұмыс тобына кімдер енді?
Айтқожин Қабдолсамих – заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры;
Әзілханов Марат – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығың меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
Әубәкірова Индира – заң ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры;
Бәшімов Марат – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
Бейсенбаев Елнұр – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі «Аманат» фракциясының басшысы;
Бекназаров Нұрлан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
Егізбаев Серік – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» фракциясының басшысы;
Жаманқұлова Қарлығаш – «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті;
Жақаева Лейла – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің Сот төрелігі академиясының профессоры;
Жарылғанов Айдар – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;
Имашева Снежанна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы;
Караев Алипаша – заң ғылымдарының кандидаты, Каспий университеті «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры;
Қожаназаров Айдарбек – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Республика» фракциясының басшысы;
Құлшыманов Қанат – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
Магеррамов Магеррам – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан халық партиясы» фракциясының басшысы;
Малиновский Виктор – заң ғылымдарының докторы, «Нархоз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам профессоры;
Нүкенов Абзал – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
Нұрмұхамедов Бөріхан – саясаттанушы;
Пан Наталья – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына қарасты «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК директоры;
Перуашев Азат – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» фракциясының басшысы;
Пономарев Сергей – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Рақымжанов Асхат – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Жалпыұлттық социал-демокртиялық партия» фракциясының басшысы;
Сәрсембаев Ерлан – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Сарым Айдос – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Чеботарев Андрей – Ұлттық құрылтай мүшесі, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры;
Шаймарданов Жандос – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры;
Шапақ Үнзила – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
Шаталов Никита – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Шибутов Марат – Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы;
Ыбыраева Алуа – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.