Республикалық бюджетке 21,6 трлн теңге түсті

Жарияланды 8 Қазан 2025 17:32

(жаңартылды 9 Қазан 2025 10:36)
Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Тоқаев қаржы министрін қабылдады/фото: shutterstock

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды.

Мәди Такиевтің айтуынша, биыл республикалық бюджетке 21,6 трлн теңге көлемінде кіріс түскен.

Оның 15,2 трлн теңгесі – салық түсімі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,4% жоғары. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджет 101,6% орындалып, әлеуметтік бағыты сақталып отыр.

Мемлекеттік аудиттің нәтижелеріне келсек, 8 айда 791 тексеру жүргізіліп, 337,5 млрд теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталды.

«Президент мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру мен барлық әлеуметтік міндеттемені орындау керек екеніне тоқталды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 1 шілдеге дейін республикалық бюджетке 10,3 трлн теңге түскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз