
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Жамбыл облысындағы мектептерде болуы мүмкін терактілер туралы жалған ақпарат тарады.
Жергілікті полиция азаматтарды негізсіз ақпаратқа сенбеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
«Полиция тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр, барлық қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Жағдай толық бақылауда», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ террорлық әрекет туралы жалған ақпарат таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертті.
Бұған дейін Балқаш қаласында мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген ақпарат тарады. Қарағанды облысы полициясы әлеуметтік желі мен Telegram мессенджерінде тараған ақпаратты жоққа шығарды.