Lifestyle

Баласына ерекше есім берген жұлдыздар

Баласына ерекше есім берген жұлдыздар / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақ шоу-бизнесінде соңғы жылдары сәбиге ерекше, мәні терең есім қою дәстүрге айналып келеді. Әр ата-ана баласының атына өз арманын, өмірлік ұстанымын немесе рухани мағынасын енгізуге тырысады. Мұндай үрдіс танымал жұлдыздар арасында да кең тараған.

Ninety One тобының әншісі Alem

Ninety One тобының әншісі Alem Батыр Мәліков пен жұбайы Вероника Жанғалова ұлдарына Тай деген қысқа әрі ерекше есім қойған. Әнші бұл есімді еркіндік пен батылдықтың символы ретінде таңдағанын айтып өткен. «Еркін болсын» деген ырыммен қойған екен.

фото: instagram: xcialem

Ерке Есмаханның ұлдары

Танымал әнші Ерке Есмахан ұлдарының есімдерін ерекше әрі әуезді қылып таңдаған. Ұлдарының есімдері: Мүслім, Ислам және Батыр. Әр есім өз алдына терең мағынаға ие: Мүслім мен Ислам – рухани мәнге толы, имандылықты бейнелесе, Батыр – күш пен ерлікті білдіреді.

Фото: erke_esmahan

Қайрат Нұртастың балалары

Эстраданың жарық жұлдызы Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың бес баласы бар. Қыздарының есімдері – Сезім, Алау. Ұлдары: Нарұл, Хан, ал жаңа туған қызының есімі – Рәбиа Сұлтан.

Жұлдыз Әбдікәрімова жақында сәбиін қырқынан шығарған еді / фото: Instagram
фото: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл есімді не таңдағанын бұған дейін жазған едік.