8 қазанде елде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін
Жарияланды

8 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалы әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы қалыптасады деп хабарлайды синоптиктер
Тек республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін.
Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.
Түнде солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы –7…–1 °C дейін төмендейді,
ал күндіз +4…+16 °C дейін жылынады.
Шығыс облыстарда салқын ауа райы сақталып, түнде –13…–5 °C,
күндіз +3…+11 °C шамасында болады.
Елдің қалған өңірлерінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.