Апатты аймақта тұратын қазақстандықтар үйін сақтандыру мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: krisha.kz

Алдағы уақытта су тасқыны қаупі жоғары немесе қауіпті аймақта тұратын қазақстандықтарға үйін сақтандыру міндеттелуі мүмкін. Әзірге бұл тек ұсыныс, бірақ үкіметте талқыланып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов осылай түсіндірді.

«Естеріңізде шығар, су тасқыны кезінде шамамен 17 мың үй зардап шекті. Олардың шығындарын өтеу негізінен бизнес, бюджет және реттеу шаралары арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны қаупі жоғары немесе қауіпті аймақтардағы нысандарды барынша сақтандыру ұсынылды. Бұл келешекте осындай төтенше жағдайлар болған кезде азаматтар мемлекетке немесе бизнеске ғана үміт артпай, өз бетімен үйлерін қалпына келтіре алуы, жаңа баспана сатып алуы және бүлінген мүлкін өтей алуы үшін қажет», – деп түсіндірді спикер.

Вице-министрдің сөзінше, бұл әзірге заң жүзінде бекітілген жоқ, нақты алгоритмдері анықталмаған. Процесс ұзаққа созылуы мүмкін.

«Мұнда тек су тасқыны емес, сонымен қатар басқа төтенше жағдайлар да (мысалы, Жамбыл мен өзге өңірлердегі үй құлаулары сияқты) ескеріледі. Бұл аймақтарды тиісті мемлекеттік органдар айқындайды. Ал оның қабылдану мерзімі туралы қазір нақты айта алмаймын, өйткені бұл регламент пен мерзімдерді біз бекітпейміз», – деді ол.

Тұрғын үйді сақтандыру туралы заң жобасын қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеп жатыр. Ол жүйе су тасқыны, сел, жер сілкінісі және орман өрттері салдарынан келген шығынды өтейді. Есептеулерге сәйкес, міндетті жарнаның базалық мөлшері жылына 0,5-тен 5 АЕК-ке дейін болады. Бұл шамамен 1 мыңнан 20 мың теңгеге дейін

Сондай-ақ оқыңыз