«Эйр Астананы» басқаратын түрік азаматы Жанлыел туралы не білеміз

2026 жылғы наурыздың аяғында «Эйр Астана» бас атқарушы директоры қызметіне түрік азаматы Ибрагим Жанлыел кіріседі. Ол әуе компаниясын ұзақ уақыт басқарған Питер Фостердің орнына келеді. Kursiv.Media жаңа басшы туралы мәлімет жинады.
Білімі
«Эйр Астана» әуе компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Ибрагим Жанлыел 1971 жылы туған. Ол – Түркия азаматы.
Жанлыел Мармара университетінде экономика бакалавры, сонымен бірге Босфор университетінде MBA дәрежесін алған. Кейін Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебінде директорды дамыту бағдарламасын аяқтаған.
Мансабы
Қызметтегі мансабын 1994 жылы туризм менеджменті саласында бастаған. Содан кейін KLM, Northwest Airlines және Alitalia сияқты әуе компанияларды басшылық қызмет атқарған.
Жанлыел «Эйр Астанаға» 2003 жылы келді. 2017 жылға дейін түрлі депардаменттерде директор, вице-президент аға вице-президент қызметтерін атқарған. Сегіз жыл бұрын қаржы директоры болып тағайындалған. Енді бас атқарушы директор қызметіне дейін өседі.
Жеке өмірі
Ибрагим Жанлыелдің жеке өмірі туралы ашық мәлімет аз. Ресми профильдерде негізінен оның кәсіби жағы ғана көрсетілген.
Әлеуметтік желілердің бірқатарына тіркелген. Instagram-дағы парағы көпшілікке жабық тұр. Threads-ке тіркелгенімен, онда ештеңе жазбаған.
«Эйр Астана» әуе компаниясының басшылары ауысатыны 8 қазанда мәлім болды. Компанияны 20 жыл атқарған Фостер жарты жылдан соң зейнеткерлікке шығады.