Жаңалықтар

Бүгін кешке қазақ қызы Дана Қарағұсова ғарышқа ұшады

Дана Қарағұсова / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Дана Қарағұсова / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бүгін, 8 қазанда Астана уақытымен кешкі сағат 18.30-да New Shepard (NS) ғарыш кемесі ұшады. Экипаж құрамында қазақ қызы Дана Қарағұсова да бар.

Ғарышқа сапарды ұйымдастыратын Blue Origin компаниясы ұшу уақытын жарты сағатқа өзгертті. Бұл туралы мәлімет миссияның ресми сайтында жарияланды. Бұған дейін NS сапары кешкі алтыға жоспарланған еді. Ұшу уақытын өзгерту – ғарыш саласында қалыпты жағдай.

Осылайша, сәрсенбінің кешінде NS-36 ғарыш кемесі АҚШ-тың Техас штатындағы №1 ғарыш айлағынан әуеге көтеріледі. Ол алты адамды орбитаға алып шығады. Олар Жер тарЭкипаж мүшелері арасында Қазақстан азаматы Дана Қарағұсова да бар.

43 жастағы алматылық кәсіпкер тарихи сапар қарсаңында экипаж мүшелерімен бірге Техаста түскен суретті Instagram парағына жариялады.

NS-36 миссиясының экипажы / фото: instagram.com/dannakar
NS-36 миссиясының экипажы / фото: instagram.com/dannakar

Бұған қоса, ол маңызды сәт қарсаңындағы ішкі толғанысын әлеуметтік желіге жазды.

«Мұнда әрбір минут бағалы. Көп мәлімет жариялай алмаймын, өйткені әрбір сәттің санамда жатталып қалғанын қалаймын. Соны терең сезінгім келеді», – деп толғанды ғарыш турисі.

Сонымен бірге, Дана экипаж мүшелеріне де қысқаша тоқталып өтті.

«Экипажбен бірге кеңістікті ғана емес, бір жолды бөлісеміз. Мұнда кездейсоқ адам жоқ. Әрқайсысы түрлі қиындықты өткеріп, қилы сынақты бастан кешкі. Оларды сенімі осында алып келді. Бәріміздің ойымыз бір арнаға тоғысқан белес», – деп жазды Қарағұсова.

Данамен бірге бірге ғарышға кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негісіз қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және тағы бір жолаушы көтеріледі. Ол аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрді. Дегенмен миссияның арнайы белгісінде Льюис есімді алтыншы бір азамат бар.

Ғарышқа сапар бар болғаны 10-12 минутқа созылады. Зымыран 100 шақырым биікке көтеріліп, ғарыш басталатын тұсқа дейін жетеді. Дана мен тағы бес жолаушы жердің тартылыс күшінен алыстап, әуеде қалықтайды. Олар Жерді ғарыштан тамашалайды. Blue Origin сапарды тікелей эфирде көрсетеді.

New Shepard көкке еш қиындықсыз көтерілсе, Қарағұсова ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ әйелі атанады. Бұған дейін Kursiv.Media 43 жастағы Дана Қарағұсованың кім екені туралы жазған.