
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Шағын ресми мәліметге қарағанда, сәрсенбідегі жиынға премьер-министр, президент әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен үкімет мүшелері қатысты.
Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.
«Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті», – деп хабарлады Ақорда.
Ресми мәліметте Тоқаевтың экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек дегені айтылды.