Қазақстаннан шыққан әйел алғаш рет ғарышқа ұшты

Жарияланды 8 Қазан 2025 18:59

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Первая казашка-космонавт поделилась снимком с борта корабля
instagram.com/blueorigin, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Кәсіпкер Дана Қарағұсова американдық Blue Origin компаниясы ұйымдастырған New Shepard кемесімен суборбиталық ұшуға шықты.

Онымен бірге бортта бизнесмен Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, бірнеше стартаптардың негізін қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және аты-жөнін жасырғысы келген тағы бір жолаушы бар.

Фото: instagram.com/dannakar

Зымыран Астана уақытымен сағат 18:40-та Батыс Техастағы ғарыш айлағынан ұшты. Ұшу шамамен 10–12 минутқа созылады, кеме шамамен 100 километр биіктікке көтеріледі, бұл ғарыштың шартты шекарасы болып есептеледі.

Дана Қарағұсова Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы әйел атанады. Кәсіпкер New Shepard кемесінің экипажы құрамына кірді. Америкалық Blue Origin компаниясы осымен 36-мәрте туристерді орбитаға алып шығады. 

Сондай-ақ оқыңыз