Ресей Қазақстанның солтүстік өңірінде ірі газ құбырын жүргізеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей Қазақстаның солтүстік өңірінде ірі газ құбырын жүргізеді. Сонымен қатар Қарашығанақ кен орынан өндірілетін газ көрші елде өңделмек. Санкт-Петербургтегі Халықаралық газ форумында «Газпром» басшысы Алексей Миллер мен Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері Роман Скляр екі маңызды құжатқа қол қойды.

Бірінші құжат — Қарашығанақ кен орнынан өндірілетін газды Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) ұзақ мерзімді негізде қайта өңдеу туралы келісім. Құжат тараптардың газды өңдеу саласындағы серіктестігін бекітеді және Орынбор ГӨЗ-ін жаңғыртуды көздейді. Келісім 20-25 жылға есептелген.

Онда Қарашығанақ газын жаңа формула бойынша өңдеу қарастырылған: «ҚазРосГаз» компаниясы КПО-дан газды қазіргі бағадан жоғары бағада сатып алып, оны Ресейде өңдеуге жібереді.

Бұл шешім Қазақстан үкіметі мен Қарашығанақ инвесторлары арасында кен орнында жаңа газ өңдеу зауытын салу жөніндегі ұзақ келіссөз жүріп жатқан кезеңде қабылданды.

Екінші құжат — Ресейден Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырын салу жөніндегі меморандум. Бұл жобаның басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету.

Аталған газ құбырының жобасы 2025 жылғы ақпанда Ресейдің федералдық көлік инфрақұрылымын дамытудың аумақтық схемасына енгізілген.

Ресми құжатқа сәйкес, құбырдың жылдық өткізу қуаты – 10 млрд текше метр, ал компрессорлық станцияның қуаты – 50 мегаватт болады. Газ Батыс Сібір кен орындарынан жеткізіліп, құбыр Түмен облысы арқылы өтіп, Қазақстан шекарасында – Солтүстік Қазақстан облысы маңында жалғасады.

Бұған дейін «Газпром» мен Қазақстан 2025–2026 жылдары Ресейден келетін газ көлемін арттыру жөнінде келісімге келген болатын.

Ад ЕуроОдақ 2028 жылға қарай Ресей мұнайы мен газынан толық бас тартпақ.

Сондай-ақ оқыңыз