Жаңалықтар

«Семей орманы» резерваты 200 млн теңге салық кем төлеген

Тексеруді Абай облысының прокуратурасы жүргізді / Фото: kursiv.media коллажы

Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының 200 млн теңгеден астам салықты толық төлемегенін анықтады. Бұл туралы Kursiv.Media редакциясы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру нәтижесі

Арнайы экологиялық прокуратураның тексеруі кезінде «Семей орманы» РММ 2024 жылға арналған салық есептілігін толық ұсынбағаны белгілі болды. Салық кодексінің нормалары сақталмағандықтан, бюджетке 200 млн теңгеден аса қаражат түспеген.

«Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік орман иелері әр тоқсан сайын төлем жасаушылар мен салық салу нысандары туралы деректерді салық органдарына ұсынуға міндетті. Нәтижесінде бюджетке 200 млн теңгеден астам салық түспей қалған. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде салықтық берешек толық көлемде өтелді», – делінген ведомство хабарламасында.

Міндетті есептілік

Прокуратураның түсіндіруінше, мемлекеттік орман иеленушілер әр тоқсан сайын салық органдарына есеп тапсыруға және салық салу нысандары мен төлеушілер туралы деректерді уақтылы ұсынуға міндетті. Бұл талаптың орындалмауы бюджет кірісіне тікелей әсер етеді.

Айта кетейік, «Семей орманында» 2023 жылы жазда болған өрт салдарынан 15 адам қайтыс болған. 2024 жылдың маусымында ормандағы өртке кінәлі деп танылған 7 жылға бас бостандығынан айырылған.