Жаңалықтар

Ғарышқа ұшқан Дана Қарағұсова аман-есен оралды (видео)

Қазақстаннан ғарышқа ұшқан алғашқы әйел
Дана Қарағұсова / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан тарихында алғаш рет отандасымыз, кәсіпкер Дана Қарағұсова ғарышқа ұшып, аман-есен жерге оралды. Бұл тарихи сапар америкалық миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясына тиесілі New Shepard ғарыш кемесі арқылы жүзеге асты.

Дананың ұлы Айтуар Әлібеков әлеуметтік желіде анасының ғарыштан оралғанын қуана хабарлады.

Айтуар экипаж мүшелеріне Қазақстан туралы айтып, ел мәдениетіне ерекше әсер қалдырған. Сол себепті миссия мен экипаж өз сапарын Space Nomads («Ғарыш көшпенділері») деп атауды шешкен.

8 қазан 2025 жылы Батыс Техастағы Blue Origin компаниясының №1 алаңынан көп рет қолдануға арналған New Shepard (NS4) зымыран-тасығышы ұшырылып, сәтті түрде қайта қонды.

Дана Қарағұсованың елімізден шыққан тұңғыш ғарыш турисі, сондай-ақ ТМД кеңістігіндегі алғашқы әйел-ғарышкер турист атанды.