Мөлдір Мұқан жеке өміріне қатысты сыбыстарға жауап берді

Мөлдір Мұқан «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында соңғы уақытта әлеуметтік желілерде кең тараған жеке өміріне қатысты сыбыстарға пікір білдірді.
Журналистің «жеке өміріңіздегі әңгімелер фильміңіздің маркетингі ме» деген сұрағына Мөлдір Мұқан былай деп жауап берді:
«Маркетинг ешқандай жоспарланған жоқ және болып жатқан жоқ», – деді Мұқан.
Актриса сөз арасында Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасына да тұспалдап тоқталды:
«Бір құпияны айтайын. Біз жұбайлар ретінде, кім туралы айтып тұрғанымды өздеріңіз білесіздер, үйдің ішінде ешқашан үлкен айқай-шу болған емес. Қатты ұрысып та көрмегенбіз. Неге бұндай жағдай болып қалды деп өзім де ойланамын», – деп ағынан жарылды Мөлдір Мұқан.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқаны туралы алып-қашпа әңгімелер тараған еді. Алайда қос тарап та бұл туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Мөлдір Мұқан соңғы уақытта бірнеше кино және тележобаға қатысып жүргені көпшілікке белгілі.