Жаңалықтар

Елена Рыбакина Ухань турнирінің ширек финалында Соболенкомен кездеседі

Елена Рыбакина выиграла первый матч на турнире-тысячнике в Ухане
Рыбакина ширек финалда Соболенкомен кездеседі / фото: WTA

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 9-орында тұрған Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңінде сенімді жеңіске жетті.

1/8 финалда Рыбакина Чехия өкілі Линда Носковамен (WTA рейтингі – 17) кездесіп, екі сетте қарсыласын жеңді — 6:3, 6:4. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.

Осылайша, Елена турнирдің ширек финалына жолдама алып, енді әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) кездеседі. Айта кетейік, Соболенко осы турдың басқа матчында ресейлік Людмила Самсонованы (20) 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Рыбакина румын теннисшісі Жаклин Кристианнан (48) 6:3, 6:4 есебімен басым түскен еді.

Жалпы жүлде қоры 3 654 963 АҚШ долларын құрайды. Турнир жеңімпазы 596 мың доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады. Айта кетсек, Арина Соболенко. дәл осы WTA 1000 Ухань турнирінің қазіргі чемпионы.