Қар, жаңбыр, -6°С дейін суық: 10 қазанда ауа райы қандай болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
10 қазанға арналған ауа райы болжамы / Фото: shutterstock
10 қазанға арналған ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

10 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы синоптиктер болжам жасады. Жұма күні ауа райы елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады.

Дегенмен кей өңір тұрғындарына аяз бен жауын-шашын болып, тосынсый жасауы мүмкін.

Синоптиктер кейбір аймақтарда аяз болады деп күтіп отыр. Мәселен, Жетісу облысында – -1…-6°С дейін, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде – -1…-3°С, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және таулы аудандарында – -1…-3°С дейін суытады.

«Қазақстан аумағында жоғары қысым өрісінің әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек батыс пен солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жел күшейеді, ал батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман күтіледі», — делінген болжамда.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар аймақтарында өрт қаупі жоғары және аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарының кей өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталды.

Аса жоғары өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Ұлытау және Қостанай облыстарының жекелеген аймақтарында күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз