Әйелдердің зейнетке шығу жасы біртіндеп ұлғаяды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылдан 2031 жылға дейін өзгеріске түседі / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Әйелдер зейнетке 2028 жылдан 2031 жылға дейін кеш шыға бастайды / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Әйелдердің зейнетке шығу жасы біртіндеп ұлғаяды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Дегенмен, 2026 жылы зейнетке шығу ережесі өзгеріссіз қалатыны белгілі болды. Ерлер 63 жасында, әйелдер 61 жасында зейнетақыға шыға алады.

БЖЗҚ ақпаратына қарағанда, әйелдердің зейнетке шығу жасы ақырындап ұлғая береді. 2031 жылға қарай нәзік жандылар да 63 жастан шығатын болады.

«Зейнет жасы – көптеген елдерде талқыланатын маңызды тақырып. Қазақстан да бұл мәселеден тыс емес. Әлемдік экономикалық және демографиялық өзгерістер жағдайында зейнет жасын арттыру халықаралық тәжірибеге айналып келеді. Халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы мен қарттардың көбеюі жұмыс істейтін азаматтарға түсетін салмақты арттырады», – делінген зейнетқы қорының хабарламасында.

Қордың мәліметінше, Қазақстандағы жалпы белгіленген зейнет жасы ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап  61 жас деп белгіленген. Алайда, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жастан, 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жастан, 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап  62,5 жастан, 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жастан зейнетке шықпақ.

Мұның алдында Ұлттық банк зейнетақы қаржысын Отбасы банктің бағалы қағаздарына салған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз