Ресей банкі «Лунтик» бейнесі бар монета шығарады

2027 жылы Ресей Банкі ғарыштан келген үлпілдек кейіпкер – Лунтиктің бейнесі бар естелік монета шығаруды жоспарлап отыр.
«Абзац»ақпаратына қарағанда, 3 және 25 рубльдік номиналдағы монеталар түрлі-түсті жабыны бар күмістен жасалған. Шамамен 1 миллион дана көлемінде айналымға енгізілмек.
«Лунтик 20 жыл бойы көрермендердің сүйікті кейіпкері болып келеді. Ол мейірімді, әсерлі образ. Сондықтан Ресей Банкі шектеулі сериядағы монеталар қатарына осы кейіпкерді енгізді. Барлық құқықтық келісімдер Орталық банкпен ресми түрде реттелген», – деді «Мельница» студиясының продюсері әрі тең құрылтайшысы Сергей Сельянов «Абзац» басылымына берген сұхбатында.
2026 жылы Ресей Банкі «Алтын антилопа» кейіпкері бар монета шығаруды жоспарлап отыр. Ал 2024 жылы «Тұман арасындағы кірпі» мультфильмінің басты кейіпкері бейнеленген монета шыққан болатын.
Ол кезде қоюшы-суретші Франческа Ярбусова авторлық құқықты қорғау жөнінде Орталық банкке қарсы сотқа жүгініп, монеталардың бүкіл партиясын жоюды және өзіне 5,1 миллион рубль өтемақы төлеуді талап еткен. Алайда сот оның талабын қанағаттандырмады.
Мұның алдында Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арнап монета шығарды.