Жаңалықтар

Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар жоспарлы емнен қағыла ма?  

Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар емді басқаша алатын болады /фото: shutterstock
Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар емді басқаша алатын болады /фото: shutterstock

Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға медицина саласындағы өзгеріс кері әсерін тигізбейді. Денсаулық сақтау министрлігі осындай мәлімдеме жасады.   

Министрліктің ақпаратынша, жоспарлы ем жалғасады. Томотерапияның тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесінен шығарылмайды. Онкологиялық аурулар бойынша емделіп жатқан барлық пациенттер толық көлемде ем ала алады.

«Негізгі өзгеріс тек көмек көрсету нысанына қатысты болды. Енді ол амбулаториялық жағдайда емес, күндізгі стационар шеңберінде – радиациялық онколог дәрігердің және медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында жүзеге асырылатын болады», – делінген министрліктің ақпаратында.

ДСМ-нің хабарлауынша, бұл шешім емдеу үдерісіне неғұрлым мұқият бақылауды қамтамасыз етуге, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі бағаны негізсіз қымбаттатқан дәріханаларды тексеретінін мәлімдеген еді.