Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш қызын өрттен құтқарып, өзі көз жұмды

Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш қызын өрттен құтқарып, өзі қайтыс болды. Өртенген үйдің егжей-тегжейі анықталды.
Наша жизнь ақпаратына қарағанда, Павлодар облысының ТЖД 1982 жылы туған ер адамның өліміне қатысты мәлімет жариялады. Ол Тереңкөл ауданындағы тұрғын үйде болған өрт кезінде қаза тапқан.
Ауыл тұрғыны отқа оранған үйден әйелі мен балаларын құтқармақ болып, өз өмірін қиған.
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам терезе арқылы жұбайын және үш баласын сыртқа алып шыққан», — деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Еске сала кетейік, улы газға уланған әйел мен балалар аудандық ауруханаға жеткізілді.
Өрт үйдің шатырын шарпыған. Жалпы жану аумағы 100 шаршы метрге жеткен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кететін жайт, Алматыда екі қабатты үй өртеніп кеткен еді.