Тоқаев: Ресей мен Орталық Азия байланыстарын дамытуға баса назар аударуы қажет

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев орыс тілінің орнына ерекше тоқталды, қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне беретінін айтты / фото: Ақорда
Тоқаев орыс тілінің орнына ерекше тоқталды, қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне беретінін айтты / фото: Ақорда

Тоқаев Ресей мен Орталық Азия елдері сан қырлы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға баса назар аударуы қажет деп санайды.

Сонымен қатар, президент орыс тілінің орнына ерекше тоқталды. Өйткені бұл тіл аймақтағы елдерді біріктіретін жалпы ортақ құндылық.

«Бірлескен күш-жігердің арқасында Халықаралық орыс тілі ұйымын құрғанымыз қуантады. Оның штаб-пәтері Сочи қаласында орналасқан. Ел алдында сөйлеген сөздерімде қазақ жастарының орыс тілін жетік меңгергені маңызды екенін айтып жүрмін», – деді Тоқаев.  

Бірақ, президенттің пікірінше, бұл талап қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарға кедергі келтірмейді.

«Құдай берген ана тілдеріміз конституциялық тәртіппен мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сондықтан қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне береді. Жастарымыз биліктің қолдауымен екі, тіпті үш-төрт тілді оңай меңгере алатынына сенімдімін. Мұндай мысалдар әлемде аз емес. Анығын айтқанда, Қазақстандағы жағдай осындай», – деді президент.  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміздің әр азаматы өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге құқылы.

Мұның алдында Президенттің Тәжікстанға ресми сапармен барып, ел президенті Эмомали Рахмонмен кездескенін хабарлаған едік.  

Сондай-ақ оқыңыз