Германияда Temu-ға қарсы іс қозғалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Германияда Temu-ға қарсы іс қозғалды / Фото: ашық дереккөзден

Германияда Қытайдың Temu онлайн-сауда алаңына қарсы іс қозғалды. Федералдық монополияға қарсы ведомство компанияны Германия нарығындағы сатушылардың баға саясатына заңсыз талаптар қоюы мүмкін деп айыптап отыр. Осыған байланысты Temu қызметіне ресми тергеу басталды.

Сонымен қатар, Брюссельде Temu-ге қатысты ЕО-ның тұтынушылар құқығын қорғау және онлайн-платформаларға арналған ережелерін бұзуы мүмкін деген күдікпен бөлек тергеу жүргізіліп жатыр.

Қытайда құрылған Temu онлайн-дүкені өте арзан тауарлар ұсынуымен танымал және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Қазір Еуропада бұл сервисті ай сайын 100 миллионнан астам адам пайдаланады. Шамамен бір жыл бұрын Temu неміс сатушыларына да өз платформасында жұмыс істеуге мүмкіндік берген еді.

Осыған дейін АҚШ-та қытайлық платформаға қатысты дау болған еді. Пайдаланушылар маркетплейсті жеке мәліметтерді заңсыз жинап, оларды үшінші тараптарға сатты деп айыптады.

Ал Оңтүстік Корея  Temu және AliExpress онлайн платформаларында улы ойыншықтар сатылып жатыр деген күдікпен тексеру жүргізген.

Сондай-ақ оқыңыз