
Қазақстанда жүрген қырғыз азаматтары 30 қарашада өтетін Жоғорку Кеңеш сайлауына қатыса алады. Олар үшін елде 7 сайлау учаскесі ашылады деп хабарлайды орталық сайлау комитетінен.
Олар Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Шымкент және Тараз қаласында жұмыс істейді. Жалпы шекара сыртындағы қырғыздар үшін өзге елдерден 90-ға жуық сайлау учаскесін ашу жоспарланған.
Қырғызстандағы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаровтың айтуынша, алдағы парламент сайлауы конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңа жүйе бойынша өтеді. Ел аумағы 30 сайлау округіне бөлінеді, әр округтен үш депутаттан парламентке сайланады.
Сайлаушыларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында қашықтан дауыс беру жүйесі енгізіледі. Бұл азаматқа ешқандай бюрократиялық кедергісіз, өзі қатыса алатын кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік береді.
Еске салайық, 25 қыркүйекте Қырғызстан парламенті – Жоғорку Кеңеш (ЖК) таратылды. Депутат Ұлан Примовтің айтуынша, мұндай шешім бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қабылданды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауы 30 қарашаға белгіледі.