Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барып, ел президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды» , – деп жазылған Ақорда сайтында.
Одан бөлек Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.