Жаңалықтар

Тұрақты даму және бизнес: Алматыда Kursiv ESG Conference өтеді

21 қазанда Rixos Almaty қонақүйінде Қазақстандағы тұрақты даму мәселелеріне арналған тәуелсіз конференция – Kursiv ESG Conference өтеді. Шара Yandex Qazaqhstan компаниясының қолдауымен ұйымдастырылып, алаңда 200-ден астам қатысушы, 15 спикер, бірқатар министрліктердің өкілдері мен ірі отандық компаниялардың топ-менеджерлері бас қосады.

«Kursiv ESG Conference – бұл барлық мүдделі тараптарды біріктіретін басты алаң», – дейді Kursiv Media компаниясының бас директоры Анастасия Новикова.
– Бұл жерде ESG қағидаттарын енгізу тәсілдерін талқылап қана қоймай, оларды біріздендіруге мүмкіндік бар. Тұрақты дамуға бағытталған инвесторлар үшін конференция үздік тәжірибелі мамандармен әрі ESG-трансформацияға дайын компаниялармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл жауапты жобаларға капитал ағынын арттырып, «жасыл» қаржы нарығын ынталандырады. Конференция барысында ұжымдық жол картасы қалыптасады: реттеушілер жаңа бастамалар туралы айтып, бизнес өкілдері табысты кейстерін бөліседі, сарапшылар өңірлік және жаһандық үрдістерді ұсынады. Біз өткізіп отырған конференция ESG-дің маңыздылығын топ-менеджмент деңгейінде ғана емес, қоғам деңгейінде де арттыруға бағытталған. Бұл корпоративтік мәдениет пен қоғамдық сананы өзгертуге серпін береді».

Спикерлер қатарында: Тимур Шалекенов, Yandex Qazaqhstan басшысы, Виктор Коваленко, EY компаниясының климаттың өзгеруі мен тұрақты даму жөніндегі қызметтер бойынша Орталық Азиядағы өңірлік директоры, Адалят Абдуманапова, ESG саласындағы жоба жетекшісі, сарапшы, Дина Жанаділ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры, Баглан Мусина, Freedom Holding Corp компаниясының тұрақты даму жөніндегі бас директоры және басқа да сарапшылар.

Қазіргі таңда экологиялық жауапкершілік, қызметкерлерге, клиенттер мен серіктестерге қамқорлық және ашық корпоративтік басқару сияқты негізгі үш фактор кейде компания құнының қалыптасуына өндірістік көрсеткіштерге қарағанда әлдеқайда көбірек әсер етеді. Сол себепті көптеген басшылар ESG қағидаттарын қызметіне енгізе отырып, бизнесті трансформациялау жолына түсті. Әсіресе әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылады, өйткені ESG-инвестициялар көбіне компанияның әлеуметтік жетістіктерін бағалайды.

Kursiv ESG Conference барысында мемлекеттік органдар, бизнес, қаржы және басқа да экономикалық сектор өкілдері тұрақты даму мәселелерін талқылап, жоспарларын және жетістіктерін бөліседі.

Бірінші сессия – «Тұрақты даму қағидаттарын Қазақстанның корпоративтік секторының тәжірибесіне енгізу» тақырыбында өтеді. Онда «жасыл» қаржыландыру, өңірлік және жаһандық үрдістер аясында қазақстандық компаниялардың тұрақты дамуы, экожүйенің дамуын басқарудағы ESG рөлі және әлеуметтік жобалардың салалық нарықтарға ықпалы талқыланады.

Екінші сессия – «Қазақстанның өндірістік компанияларының бизнес-стратегиясына ESG интеграциясы» тақырыбына арналып, декарбонизация, корпоративтік басқарудың инвестициялық тартымдылыққа әсері, ESG-трансформацияның цифрландырылуы және экспорттық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде ESG рөлі талқыланады.

Public talk бөлімінде сарапшылар қазақстандық компанияның мінсіз тұрақты даму есебінің негізгі элементтерін анықтайды.

Kursiv Media көп жылдан бері Қазақстан мен әлемдегі ESG күн тәртібін назарда ұстап келеді. 2022 жылдың күзінде басылым отандық бизнестегі тұрақты даму тәжірибелері деңгейінің алғаш рет өлшемін жариялаған болатын.
Бұл жолы тұрақты даму мәселелері, жоспарлар мен жетістіктер Kursiv ESG Conference салалық диалог алаңында офлайн форматта талқыланады. 

Бас серіктес: Yandex Qazaqhstan
Қашан: 21 қазан, 12:00–18:30
Қайда: Алматы, Rixos Almaty
Қатысу тегін. Орын саны шектеулі.
Тіркелу бойынша сілтеме

БАҚ аккредитациясы: a.dosmukhamedova@kursiv.media

Ақпараттық серіктестер: