Еңбек вице-министрі отбасының ай сайынғы шығыны қанша екенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Еңбек вице-министрінің отбасындағы ай сайынғы шығын қанша / Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев отбасылық ай сайынғы шығыны 500–600 мың теңге көлемінде болатынын айтты.

Вице-министр отбасында төрт бала бар екенін, оның екеуі қазірдің өзінде жұмыс істейтінін айтты.

«Жұбайым жұмыс істемейді, себебі кенже ұлым балабақшаға барып жүр, жасы – 3-те. Орта есеппен 500–600 мың теңгеге дейін жұмсаймыз. Бұл – балабақшадағы оқу ақысы, өздеріңіз білесіздер, еліміздегі балабақша бағаларын. Қызым түрлі үйірмелерге барады, отбасы қажеттіліктерін ескере отырып, айына шамамен 600 мың теңге жұмсаймыз», – деді вице-министр.

Ертаев өзінің жалақысы туралы ақпаратты құпия деп санап, ашып айтудан бас тартты. Сонымен қатар ол елдегі жалақы деңгейі жайлы мәліметпен бөлісті. Қазір орташа жалақы – 400 мың теңге, ал медиандық жалақы – 288 мың теңге. 95 мың ұйымның мониторинг деректеріне сәйкес, олардың 76%-ы (73 мың ұйым) қызметкерлеріне медиандық жалақыдан төмен емес еңбекақы төлейді.

Қалған қызметкерлермен 2030 жылға дейін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған Кейс индексінің 50% деңгейіне жету мақсатында жұмыс жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 30%.

400 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қазақстандықтардың саны туралы деректерді Ертаев кейінірек ұсынуға уәде берді.

Сондай-ақ Ертаев 2026 жылы азаматтық мемлекеттік қызметкерлер үшін ең төменгі жалақы 99 мың теңгеге дейін өсіру көзделіп отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз