Lifestyle

«АвтоВАЗ» бұрын-соңды болмаған кроссоверін сынақтан өткізіп көрді

LADA Azimut-тың шығу күні әлі жарияланбады / Фото: АвтоВАЗ

«АвтоВАЗ» жаңа LADA Azimut кроссоверінің жолдағы сынақ процессін бастады. Автокөліктің камуфляждағы суреттерін Тольяттилік блогер Khadm Telegram-арнасында жариялады. Бұл модельдің прототипі алғаш рет маусым айында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) таныстырылған болатын.

Үш жылдық жұмыстың нәтижесі

Еске салайық, бұл модель LADA бренді тарихындағы алғашқы кроссоверлердің бірі және модельдік қатардағы ең қымбат көлік болмақ. Ол LADA Vesta платформасының негізінде жасалғанымен, компания оны айтарлықтай қайта өңдеп шыққан. Автоөндірушінің мәліметінше, бұл модель үшін шамамен мыңға жуық (нақтырақ айтқанда, 996) жаңа және жаңартылған бөлшектер жасалған. Олардың қатарында шанақ панельдері, жарық жүйесі, интерьер элементтері және жаңа артқы аспа бар.

Фото: t.me/khadm_drive 

LADA Azimut ұзындығы 4416 мм, ал дөңгелек базасы — 2675 мм. Бұл өлшемдер оны Haval Jolion, Chery Tiggo 4, Geely Coolray және оның беларусьтік нұсқасы Belgee X50 секілді B+ сегментіндегі ықшам кроссоверлер қатарына қосады.

Кроссовердің функционалды жабдықталуы LADA үшін революция десе болады. «АвтоВАЗ» хабарлағандай, онда смартфонға арналған сымсыз қуаттау жүйесі, руль мен орындықтарды электрлік реттеу, екі аймақты климат-бақылау, 10 дюймдік дисплейі бар мультимедиялық жүйе (оффлайн және онлайн Сбер сервистерімен), сондай-ақ навигация орнатылған цифрлық аспаптар тақтасы болады.

Осыған дейін, АвтоВАЗ өз тарихында алғаш рет кроссовер шығаратыны хабарлады. LADA B-Plus Cross жаңа шағын кроссовері өндіріске 2026 жылы өндіріске енгізіледі деп күтілуде.