
Астанада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Лихтенштейн құрамалары кездесіп жатыр.
Ойын елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы ойын басталғаннан кейін үш минут ішінде қарсы команда қақпасына екі гол салды.
Матчтың 26-минутында Ғалымжан Кенжебек есеп ашты. Ал 28-минутта жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов тағы бір гол салды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 ойыннан кейін 3 ұпаймен өз тобында төртінші орында келеді. Ал қарсылас Лихтенштейн әзірге ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр.
Бұл іріктеу цикліндегі Қазақстанның жалғыз жеңісі дәл осы Лихтенштейнге қарсы алғашқы ойында тіркелген болатын. Наурыз айында өткен сол кездесуде біздің жігіттер 2:0 есебімен сырт алаңда жеңіске жеткен еді.
Группа J турнирлік кестесі (қазіргі жағдай):
1. Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)
2. Бельгия – 10 ұпай (4 матч)
3. Уэльс – 10 ұпай (5 матч)
4. Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)
5. Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч).