Демалыста ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді/фото: shutterstock

Қазгидромет 11-12 қазан демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер ақпаратына сүйенсек, республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады.

Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерде көктайғақ болуы мүмкін.

Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді: түнде термометр бағаны -3…-10 °C дейін, күндіз -3…+5 °C дейін төмендейді.

Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сондай-ақ оқыңыз