
Қазгидромет 11-12 қазан демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер ақпаратына сүйенсек, республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады.
Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерде көктайғақ болуы мүмкін.
Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді: түнде термометр бағаны -3…-10 °C дейін, күндіз -3…+5 °C дейін төмендейді.
Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды.