Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адам сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Абылайхан Саринжеповқа сот үкімі шықты/фото: kursiv.media архиві

Қостанай облысы ауруханасында дәрігерді соққыға жыққан Абылайхан Саринжеповке сот үкімі шықты.

Tengrinews.kz хабарлауынша, қылмыстық іс Қостанайдың №2 сотында қаралды. Абылайхан Саринжепов қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі («абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру») бойынша айыпталды.

«Сотталушы Абылайхан Саринжеповті кінәлі деп танып, оған минималды қауіпсіздік мекемесінде алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын», – деді судья Анар Шаймұрынова.

Судья азаматтық талапты толық қанағаттандырды: Абылайхан Саринжепов моральдық залал үшін екі миллион теңге және адвокат қызметіне 500 мың теңге төлейтін болды.

Айта кетейік, оқиға 2025 жылдың шілдесінде болған. Хирург операциядан кейін басқа науқастарды қабылдауға кіріскен. Сол уақытта кезекте тұрғандардың бірі дәрігерді ұрған. Салдарынан 34 жастағы дәрігер Антон Кистанов есінен танып, жансақтау бөліміне түскен.

Сотта Абылайхан Саринжеповтің бұған дейін де сотты болғаны айтылды. Ол ұрлық жасағаны үшін шартты жазаға кесілген, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін қоғамдық жұмысқа тартылған

Сондай-ақ оқыңыз