
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчы тамашалауға Алматыдағы Орталық стадионға бармаған. Бұл туралы New Vision форумында «Қайрат» футбол клубының иесі әрі кәсіпкер Қайрат Боранбаев айтты.
«Матчта Алматы әкімі, туризм және спорт министрі, футбол федерациясының президенті болды», – деді Боранбаев.
Сондай-ақ ол Назарбаевтың матчта болмағанын нақтылады.
Оның айтуынша, бұл ойынды әлемде бір миллиардтан астам адам тамашалаған.
Айта кетейік, ойыннан кейін футболға Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барғанын жазып жатыр. Экс-президенттің Боранбаев пен Сатыбалдының ортасында отырғанын айтады. Алайда желіде тараған фотодан ол орында Құралбек Ордабаевтың отырғанын көруге болады.