Жаңалықтар

Әскерде болғандар Отбасы банктен төмен пайызбен несие ала алады

отслужившие в армии
Отбасы банк қандай мүмкіндік береді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Енді әскерде қызмет еткен қазақстандықтар «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасы аясында Отбасы банк арқылы төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында айтылды.

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасында айқындалған жұмысшы мамандықтар тізбесіне кіретін мамандық бойынша бір жылдан астам еңбек өтілі бар жас азаматтардың сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үйді нарықтағыдан 7-9 % төмен деңгейде сатып алу мүмкіндігі бар», – делінген Жұманғарин жауабында.

Сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін бірқатар артықшылық бар. Олар:

жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеруде үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге жоғары оқу орнында оқуға мемлекеттік білім беру грантын бөлу (биыл 2300 грант бөлінді);

мерзiмдi әскери қызметтен шығарылғаннан кейiн 2 жыл iшiнде Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесiн ескермей, ақылы негізде оқуға, оның ішінде магистратураға түсу мүмкіндігі;

мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқудың бірінші жылында жатақханадан орынды басымдықпен алу құқығы;

мерзімді әскери қызмет өткеру мемлекеттік білім беру гранты есебінен жоғары оқу орны мен колледжде білім алуына байланысты жұмыспен өтеуге теңестіріледі;

бастапқы әскери даярлықты оқытушы болып жұмысқа орналасуына мүмкіндік беру (тиісті педагогикалық білімі болса);

мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде тиісті жүргізуші куәлігін бере отырып, «С», «D», «СЕ» және «DЕ» санаттары бойынша жүргізушілерді даярлықтан өткізу мүмкіндігі бар.