Капиталы 40 млн доллар: Қазақстанда креативті индустрия қоры құрылмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда креативті индустрия қоры құрылмақ. Оның капиталы 40 миллион долларды құрайды. Бұл туралы New Vision Forum 2025 аясында белгілі болды.

Қор кино, дизайн, цифрлық контент және ойын индустриясы сияқты салалардағы жобаларды қаржыландырып, шығармашылық бизнесті қолдауға бағытталады.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бастама қаланың экономикасын әртараптандыруға және Алматының өңірлік қаржы мен инновация орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал ететінін айтты.

«Алматы туризм мен креативті индустрияның аймақтық орталығына айналып келеді. Жыл сайын қосымша 1 миллион турист тартуға мүмкіндік беретін жаңа жобалар іске қосылады», — деді әкім.

Шара барысында әкім Priceline.com / Booking.com және uBid.com компанияларының негізін қалаушы, әлемге танымал инвестор Джефф Хоффманмен кездесті. Тараптар Алматыны халықаралық стартаптар мен инновациялардың хабына айналдыру жолдарын талқылады.

Хоффман өз кезегінде Алматының жаһандық капитал мен кәсіпкерлікті дамытуда ерекше әлеуетке ие екенін атап өткен.

Форум аясында панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары, көрмелер және келіссөздер өтіп жатыр. Kusto Group тең құрылтайшысы, директорлар кеңесінің мүшесі Қанат Көпбаев жиын барысында азіргі уақыттың басты мегатренді – «жасыл» экономика мен жасанды интеллектің дамуы екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз