
Әлемдік қаржы нарықтары тарихи оқиғамен дүр сілкінді: алтын бағасы алғаш рет психологиялық тұрғыдан маңызды саналатын 4000 доллар белгісінен асып түсті. Бұл жағдай,8 қазан, сәрсенбі күні таңертең тіркелді. Бағаның мұндай шарықтауы – тәуекелден қорғануға тырысқан инвесторлар сұранысының күрт артуының нәтижесі.
Нарық қауіпсіз пана іздеуде (Қорғаныс актив)
2025 жылдың алғашқы тоғыз айында алтынның құны 53%-ға өсті. Алдыңғы жылдарда мұндай өсім шамамен төрттен бір деңгейінде ғана болған. Бұл күрт серпілістің себебі айқын: жаһандық экономика жоғары құбылмалылық кезеңін бастан өткеріп отыр. Бұған АҚШ-тағы ұзаққа созылған шатдаун, Таяу Шығыстағы қақтығыстар, және Украина маңындағы шиеленіс әсер етті.

Елімізде алтын бағасы 70 мың теңгеден асты
2025 жылы алтынның бағасы ай сайын күрт өсіп, өзінің тарихи рекордын жаңартқан жыл болды. Алтынға сұраныс артқан сайын, оның құны да көтеріле берді. Осы бір жылдың ішінде алтынның 1 грамының бағасы 44,972 теңгеден басталып, 70,056 теңгеге дейін жетті. Бұл өсу тек цифрларда ғана емес, қоғамда да өз әсерін қалдырды.
Қаңтар айында алтын бағасы 44,972 теңге болды, бұл әдеттегідей тұрақты көрсеткіш еді. Бірақ содан кейін, әр ай сайын баға біртіндеп өсе бастады. Ақпан айында баға 47,403.2 теңгеге жетіп, наурызда тағы да бір саты жоғарылап, 46,267.3 теңгені құрады. Тұрақты өсу сәуір айында да байқалды. Онда алтынның бағасы 50,062.3 теңгені құрады. Мамыр мен маусым айларында баға қайтадан көтеріле бастады. Ал маусым айында 55,049.3 теңгеге жетті.
Алтын бағасының осылайша көтерілуі тек қаржы нарықтарының ғана емес, халықтың да назарын аударды. Әр ай сайын алтынның бағасы жаңа рекорды орнатты. Қыркүйек айында 58,543.9 теңге болып, алтынның бағасы жаңа шекке жақындап қалды. Ал қазан айында алтын бағасы 70,056.7 теңгеге жетіп, шынайы рекорд орнатты. Бұл көрсеткіш алтынның маңыздылығын тағы да дәлелдеді, оның құндылығы ешқашан төмендемейтіндей көрінді.
Қалай болғанда да, 2025 жыл алтын бағасының рекордтық көрсеткішке жеткен жылы болды. Бұл халыққа да, экономикаға да үлкен әсер етті. Алтынның бағасы өсіп, оның құндылығы артқан сайын, адамдардың оны жинап, инвестициялауына деген қызығушылығы да арта түсті. Ал экономиканың болашағы мен тұрақтылығы тұрғысынан бұл тек алтынға сұраныстың жоғары екендігін көрсететін маңызды белгі болып қалды.

Өсу жалғаса ма?
Алтын нарығының жетістігіне қарамастан, сарапшылар сақ болуды ескертеді. Қазірдің өзінде ірі инвесторлар пайдасын бекітуге ұмтылып, 4000 доллар деңгейінде ауытқулар болуы мүмкін. Дегенмен ұзақ мерзімді болжамдар оң бағытта қалып отыр.
Мысалы, Goldman Sachs пен UBS банктері 2026 жылға арналған алтын бағасы болжамын жоғары көтерді. Олар бұл шешімді нарық қатысушыларының жалпы оптимизмімен және АҚШ-тың ФРЖ-ның ақша-несие саясатын жұмсартады деген үмітпен байланыстырады.
Инвесторлар капиталдарын сақтап қалудың сенімді жолы ретінде алтынға бет бұрды. Нарықтағы осы үрдіс алтын бағасының тарихи серпілісіне түрткі болды. Тәуелсіз трейдер SergeyGoldman: «Қазір нарық қатысушыларының көбі келесі межеге —> $4500–$5000 бағасына көз тігіп отыр», – дейді.
Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының әрі қарай өсуіне мемлекеттік қарыздың артуы, доллардың әлсіреуі, және орталық банктердің белсенді сатып алуы әсер етіп отыр. Тіпті әлемдегі кейбір қақтығыстар тоқтаса да, баға жақын айларда елеулі төмендей қоймайды.
Қорытынды
Әлемдік қаржы жүйесі тағы да бір шындықты дәлелдеді: дағдарыс кезінде алтын – инвесторлардың басты сенім нүктесі. Қысқа мерзімді түзетулер болса да, қазіргі тренд берік әрі тұрақты.
Тарих жаңа кезеңге аяқ басты — енді нарықтың басты сұрағы: алтын қай шекке дейін көтеріледі және бұл рекорд әлем экономикасына қалай әсер етеді?
Бағалы құйманы қайдан алып, қалай сақтау керектігін білгіңіз келсе, Kursiv.Media материалын оқыңыз.