
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова сәбилі болды. Бұл қуанышты жаңалығын Айжұлдыз өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Желі қолданушылары Айжұлдызды ана атануымен құттықтап, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова осыған дейін танымал мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққан болатын. Алайда олардың некесі ұзаққа созылмай, ажырасып кеткен. Бұрынғы жұптың Назар есімді ұлы бар.
Қазіргі таңда Айжұлдыздың жары экстремалды контенттерімен танымал блогер Сәкен Қағаров. Екеуінің отбасылық өмірі әлеуметтік желіде жиі талқыланып, көпшілік тарапынан қызығушылық тудырып келеді.