Жақ сүйегі сынған Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта оралды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Темірлан Анарбековке Лисан Ли L7 электрокары бұйырды / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта оралды / фото: Kursiv.Media мұрағаты

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан кейін қайтадан жалпы топпен бірге жаттығуға кірісті. Алматылық клубтың баспасөз қызметі футболшының жаттығу жасап жатқан видеосын жариялады.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында «Ақтөбеге» қарсы өткен ойында (1:0) Анарбеков ауыр жарақат алған болатын. Қарсылас команданың ойыншысы Уче Агбо шынтағымен соғып, нәтижесінде қақпашының жақ сүйегі мен ақыл тісі зақымданған, сондай-ақ мойын тұсы жарақат алған еді.

Темірлан емделіп жүрген уақытта «Қайраттың» қақпасын 18 жастағы жас қақпашы Шерхан Қалмырза қорғады. Шерхан бірнеше матчта өзіне сеніп тапсырылған мүмкіндікті сәтті пайдаланып, жанкүйерлердің ризашылығына бөленді.

Сондай-ақ оқыңыз